16.02.2024
Алматы
қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев
Алматы агломерациясының жергілікті кеңесінің үшінші отырысын өткізді.
«Алматы
агломерация орталығы болып қала береді және маятниктік көші-қонды ескере
отырып, қаланың күнделікті халқы шамамен 3 млн адамды құрайды. Сондықтан біз
қала маңындағы аймақпен көліктік байланыс, оны су бұрумен, энергиямен
жабдықтаумен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруіміз
керек», - деді Ерболат Досаев.
Өз
кезегінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Алматы агломерациясын дамыту
жоспарында 130 іс-шара өткізу көзделгенін, оның 77-сін Алматы облысы жүзеге
асыруы тиіс екенін атап өтті.
Отырыс
барысында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды Алматыдан тыс жерлерге көшіру
мәселесі қаралды. Бұл шара Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында
және егжей-тегжейлі жоспарлаудың (ЕТЖ) жаңа жобаларында көзделген экологиялық
талаптарға негізделген. Бүгінгі таңда Алматы және облыс әкімдіктері кәсіпорын
басшыларымен келіссөздер жүргізуде. Осылайша, 16 ұйымның 4-і қайта
орналастыруға дайын екендіктерін білдірді. Мысалы, «Темірбетон-1» ЖШС Алматы
облысындағы «Қайрат» индустриалды аймағының аумағында жаңа өндіріс салуды
бастауды жоспарлап отыр.
Алматы және Алматы облысының әкімдері өнеркәсіптік кәсіпорындарды көшіру жоспарын құруды және келісілген жағдайда кәсіпкерлердің облыс аумағына көшуі үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Алматы агломерациясын дамыту аясында бірқатар жобалар қаралды (www.gov.kz)