Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа ипотека

Ұлттық экономика министрі 1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24KZ телеарнасына берген сұхбатында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 1 мамырдан бастап іске қосылатын ипотекалық бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Министрдің айтуынша, 1 наурыздан бастап елімізде Отбасы банкінің «Отау» ипотекалық бағдарламасы жұмыс істейді. Оған сұраныс көп болып, 18 мың өтінім беріліп, оның 11 мыңының сәйкестігі тексеріліп, нақты мақұлданған. Бұл ретте бағдарламаға бөлінген 150 миллиард теңге 7-8 мың пәтерге жетеді, яғни сұраныс қуаттылықтан асып кетті, сондықтан жаңа ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Толығырақ сілтемеде: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/novaya-ipoteka-s-1-maya-v-kazahstane-poyavilis-podrobnosti-529904/

Алматы агломерациясын дамыту аясында бірқатар жобалар қаралды

Алдыңғы мақала

Сапа мен жайлылықтың халықаралық стандарттарына сай келетін қала.

Келесі мақала