14.02.2025
Бүгінгі таңда Алатауда туризм,
логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленуде.
Қала аумағында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған және оларды орналастыру
бойынша алдын ала келісімдер инженерлік құрылыстар мен қорғаныс аймақтарын
ескере отырып жасалған. Санитарлық аймақтарға, өндірістік алаңдарды тиімді
пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қаланың аумағын
жоспарлауда түзетулер енгізу қарастырылған. Осыған байланысты, Вице-премьер
бизнес өкілдерімен, жобалау институттарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына
өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.
«Жаңа Алатау қаласын салу
ыңғайлы, қауіпсіз, технологиялық тұрғыда дамыған және экологиялық таза болуы
керек. Алатау заманауи урбанистік орталықтың үлгісі бола алады. Қала
құрылысының халықаралық стандарттарға негізделген заманауи болуын қамтамасыз
ету қажет. Бір ай ішінде инвесторлармен жасалған келісімдерге сәйкес қала
аумағында инвестициялық жобаларды орналастыру мәселелерін қайта қарауды
тапсырдым. Барлық профильді министрліктер процесті жеделдетіп, мамыр айына
дейін бас жоспарға өзгерістер енгізсін», - деді Қанат Бозымбаев.
Толығырақ сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/almoblqonaev/press/news/details/938801?lang=kk