08.09.2025
Девелопер
Юрий Цхай Alatau
City
жеке қаржы есебінен салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгілі
кәсіпкердің айтуынша, 2025 жылдың қазан айында Оңтүстік Кореяда Hyundai, Samsung, Lotte және өзге де ірі
корпорациялар қатысатын Alatau City роуд-шоуы өтеді.
"Мемлекет
басшысының Жолдауында айтылған тапсырмалар Alatau City дамуына зор серпін
береді. Қаланың ерекше мәртебесі мен бөлек заңы – озық қалаларды құру үшін аса
маңызды тетіктер. Қалған бағыттар бойынша біз жоғары дайындыққа қол жеткіздік.
Alatau City-ге қатысуға дайын шетелдік инвесторлар пулын құрдық. Қала жеке
қаржы есебінен салынады", – деді ол.
Халықаралық
инвесторларды тарту аясында Юрий Цхай шетелде өткізілетін роуд-шоулар туралы
айтып өтті. Олар шетелдік капиталға жаңа қаланың негізгі артықшылықтарын
таныстыруға бағытталған.
"Үкіметпен
тығыз байланыста біз халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Қыркүйек айында Бейжіңде Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы,
«Caspian Group» АҚ және Қытайдың ең ірі құрылыс корпорациясының еншілес
компаниясы – CSCEC
International Construction Corporation Ltd арасында үшжақты рамалық келісімге қол
қойылды",
– деді ол.
"Алайда
бұл тек Қытайға қатысты емес. Alatau City үшін маңызды бағыттар – АҚШ,
Оңтүстік Корея, Сингапур және Таяу Шығыс елдері. Көктемде біз Сингапурда роуд-шоу
өткіздік, ал қазан айының ортасында Сеулде роуд-шоу өткіземіз. Оған Hyundai,
Samsung, Lotte компаниялары қатысып, Alatau City жобасына айқын қызығушылық
танытып отыр",
– деп толықтырды ол.
Еске
сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 10
күн ішінде Алатау қаласына тікелей Үкіметке бағынатын арнайы мәртебе беру туралы Жарлық
жобасын
дайындауды тапсырған болатын.
Дереккөзге сілтеме: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/yuriy-tshay-alatau-city-postroen-schet-chastnyih-sredstv-580120/