Алатау озыңқы дамушы қала ретінде арнайы мәртебеге ие болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 26 қыркүйекте Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

«Қазақстан Республикасының инновацияға бағдарланған экономикасының орнықты өсуін ынталандыру, жоғары технологиялық салаларға инвестициялар тарту және Алматы агломерациясының жинақталған әлеуеті негізінде өңірде халықаралық маңызы бар іскерлік және инновациялық белсенділік орталығын қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Алатау қаласына озыңқы дамушы қала мәртебесін беру», – делінген Жарлықта.

Арнайы мәртебе мына бағыттарды қамтиды:

·        кәсіпкерліктің жаңа және өсіп келе жатқан салаларына инвестициялар тарту және түрлі қызмет салаларына инновацияларды енгізу арқылы Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге жағдай жасайтын ерекше институционалдық орта қалыптастыру;

·        Алатау қаласын дамытуға кез келген жеке инвестицияларды тарту мен қорғау үшін сапалы жаңа деңгейдегі институционалдық базаны қамтамасыз ету;

·        Алатау қаласын басқаруда, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтың қызмет ету жағдайында жетекші халықаралық тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануды негізгі бағыт ретінде айқындау.

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес мынадай өкілеттіктерге ие болады:

·        Алатау қаласына инвестициялар тарту, іскерлік белсенділік пен инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі құжаттарды, сондай-ақ оның арнайы мәртебесіне қатысты өзге де құжаттарды келісу және бекіту;

·        инвестиция тарту, іскерлік белсенділікті арттыру және инновацияларды дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ арнайы мәртебеге қатысты өзге де мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үшін міндетті шешімдер қабылдау;

·        осы Жарлықтан және Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын өзге де мәселелерді шешу.

Толығырақ сілтемеде: Алатау получил специальный статус города опережающего развития

Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы

Алдыңғы мақала

Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты

Келесі мақала