07.11.2025
Жаңа Алатау
қаласында әуе такси жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Осы мақсатта
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby
Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.
Құжатқа сәйкес,
шамамен 300 миллион АҚШ доллары көлемінде электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу
көзделіп отыр.
Жобаның мәні
2025 жылғы 7
қарашада ЖИ министрлігі хабарлағандай, тік ұшып-қонатын инновациялық электрлі
eVTOL ұшақтары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділік жобасының (Urban
Air Mobility) негізі болады.
Министрдің
пікірі
«Қазақстан
инновациялық көліктің болашағына қадам жасап отыр. Электрлі eVTOL ұшақтарын
сатып алу — смарт қалаларды дамыту мен жаңа технологияларды енгізудегі маңызды
кезең. Бұл шара Алатау қаласын болашақтың озық технологиялары бар ерекше қалаға
айналдыруға ықпал етеді», – деді Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық
даму вице-премьер-министрі Жаслан Мәдіев.
Жобаның
серіктесі туралы
Joby Aero, Inc.
— eVTOL авиация саласындағы әлемдік көшбасшы әрі сертификатталған электрлі әуе
таксилердің әзірлеушісі. Компанияның технологиялары АҚШ пен басқа да бірнеше
елдерде сынақтан өтуде. Енді бұл инновациялық шешімдер Қазақстанның жаңа көлік
жүйесінің бір бөлігі болмақ.
Толығырақ
сілтемеде: https://digitalbusiness.kz/2025-11-07/bogateyshiy-kazahstanets-zastavit-taksi-v-alatau-letat/