28.01.2026
Жаңа
Конституция редакциясына қалада қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу
мүмкіндігі туралы бап қосу ұсынылуда. Бұл туралы Конституциялық комиссияның
төртінші отырысында ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт
Нұрмұханов
айтты.
Мысал
ретінде ол Алатау қаласын және Астана
халықаралық қаржы орталығын атады. Нұрмұхановтың айтуынша, бұл норма Конституциядағы
мемлекеттің унитарлығы, аумақтың тұтастығы, қол сұғылмауы және бөлінбейтіндігі
туралы негізгі қағидаларға қайшы келмеуі тиіс.
«Бұл
шаралар республиканың экономикалық дамуын тиімді қамтамасыз етуге бағытталған»,
— деп қосты ол.
Бұған
дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов салық реформасы нәтижесінде
түскен қаражат инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде Алатау қаласына
бағытталатынын атап өткен болатын.
Толығырақ сілтемеде: https://kz.kursiv.media/2026-01-28/chnv-goroda-kazahstana-mogut-poluchit-osobyi-status/?utm_campaign=endless_feed