04.02.2026
Қазақстан
Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының
тапсырмасы аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің
отырысын өткізді.
Отырыста
инвестициялық жобалардың іске асу барысы, инфрақұрылым құрылысының қарқыны,
құқықтық экожүйе мәселелері және сапалы адами капитал қалыптастыру тәсілдері
талқыланды. Премьер-министр Президент Алатау қаласының дамуына ерекше назар
аударып отырғанын атап өтті.
Алатау
арнайы құқықтық база мен жобалау кезеңінен бастап «ақылды» технологияларды
енгізу арқылы бірегей технологиялық орталыққа айналмақ. Қаланың даму
перспективалары мен қолайлы инвестициялық ахуал туралы кеңес мүшесі, Harry
Dobbs Design LTD компаниясының басшысы Гарри Уильям Доббс мәлімдеді.
Оның
айтуынша, қазіргі уақытта бизнес үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз
ететін конституциялық, құқықтық және қаржылық негіздер белсенді түрде
әзірленуде. Ашық әрі түсінікті ережелер ірі халықаралық компаниялар мен жеке
инвесторларды, соның ішінде Smart City жобаларына тартудың басты факторы
болмақ.
Доббс
мырза Алатауда қаланы нөлден бастап жаңа «ақылды» технологиялармен жобалауға
бірегей мүмкіндік бар екенін атап өтті. Мұндай мүмкіндік сирек кездеседі және
бұл Алатаудың осы бағытта көшбасшы болуына жол ашады.
Толығырақ
сілтемеде: https://zontnews.kz/ru/category/novosti/premer-ministr-provel-zasedanie-soveta-po-razvitiyu-alatau-city