03.02.2026
Алатау қаласын дамыту негізінен жеке капиталды
тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы қаланы дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Болат
Жәмішев
мәлімдеді.
Оның
айтуынша, мемлекет тек негізгі (сындарлы) инфрақұрылымды қамтамасыз етеді, ал
қаланың көп бөлігі жеке инвесторлардың қаржысы есебінен салынады. Жаңа басқару
моделі бизнесті дамытуға ерекше жағдай жасап, барлық маңызды әкімшілік және
экономикалық мәселелерді бір орталықтан шешуге мүмкіндік береді. Бұл
инвесторларға ұзақ мерзімді тұрақтылық пен сенімділік береді.
Ірі
кәсіпорындардың инвестиция қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың қызмет
шарттары жеке лицензиялармен бекітіледі. Бұл құқықтық режимнің тұрақтылығына
кепіл болады. Қала
төрт негізгі орталықтың айналасында дамиды: өнеркәсіптік, логистикалық, ғылыми-медициналық және туристік аймақтар.
Жәмішевтің
айтуынша, Алатау жай ғана салықтық жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ
болмайды. Бұл — Charter
City
үлгісіндегі қала, яғни барлық негізгі мәселелер бір орталықтан басқарылатын
ерекше жүйе. Қаланың негізгі бөлігі жеке инвестициялар есебінен салынып, жаңа
өндірістерді тартуға қолайлы құқықтық және ұйымдастырушылық орта
қалыптастырылады.
Толығырақ сілтемеде: https://kazpravda.kz/n/bolat-zhamishev-gosudarstvo-obespechit-infrastrukturu-alatau-ostalnoe-za-chastnymi-investorami/