23.02.2026
Бұрын
Jusan Bank деп аталған Alatau City Bank-тің иесі – First Heartland Securities
(FHS) компаниясы өз атауын United Group Alatau деп өзгертуге шешім қабылдады.
Бұл туралы компанияның жарияланған корпоративтік деректерінде көрсетілген.
Еске
сала кетейік, First Heartland Securities Alatau City Bank капиталына 2019
жылдың басында, банк әлі Цеснабанк болған кезде кірген. Сол кезде компания
қаржылық қиындыққа тап болған Цеснабанкті сатып алып, кейін ол Jusan Bank деп
қайта аталды. Ал 2021 жылдың қыркүйегінде Jusan Bank бақылауына Ғалымжан
Есеновке тиесілі АТФБанк өтті.
Вячеслав Ким-нің Jusan Bank-ті сатып
алуға ниетті екені туралы алғаш рет Bloomberg 2024 жылдың қыркүйегінде өз
дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлаған болатын. Ал 2025 жылдың шілдесінде Ким
бұрынғы Jusan Bank-ті сатып алу мәмілесін толық аяқтап, FHS компаниясына
бақылау орнатты.
Вячеслав Ким – Kaspi.kz компаниясының негізін
қалаушылардың бірі. Forbes рейтингіне сәйкес, ол Қазақстандағы ең
бай адам саналады, оның байлығы 7,1 млрд доллар деп бағаланады.
2025
жылдың мамыр айының соңында ол Алатау жобасына жеке қаражатынан 1 млрд доллар
инвестиция салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Толығырақ сілтемеде: https://kz.kursiv.media/2026-02-23/fvfv-vladelec-alatau-city-bank-smenit-imya/