27.03.2026
Бүгін, 27 наурызда Парламент палаталарының бірлескен
отырысында екінші оқылымда "Алатау қаласының арнайы мәртебесі
туралы"Конституциялық заң қабылданды. Құжат қалаға бірегей құқықтық және
қаржылық режимі бар "жеделдетілген даму аумағы" мәртебесін ресми
түрде бекітеді. Енді Конституциялық Заң Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа қол
қоюға бағытталатын болады.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов атап өткендей, заң
жобасының нормалары бірінші оқылымнан кейін 15 наурызда референдумда
қабылданған жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкес келтірілді.
"Алатау қаласында да, оған қатысты даму
перспективасын ескере отырып, арнайы құқықтық режимнің жекелеген ережелері
қолданылатын қала маңындағы аймақта да арнайы құқықтық режимді қолдану
мүмкіндігі нақтыланды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын және
"Алатау қаласының басым салалары", "бизнес-лицензия",
"реттеушілік рұқсат" және "салықтық преференция" сияқты
инвестициялық ынталандыру шараларын айқындайтын жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл
ретте бизнес-лицензия резиденттерге Алатау қаласының аумағында қызметті жүзеге
асыруға құқық береді және осындай қызметті жүзеге асырудың түрлері мен
шарттарын айқындайды", - деп атап өтті мәжілісмен.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://alatau.city/ru/news/parlament-prinyal-konstitucionnyy-zakon-o-specialnom-statuse-alatau-city