Парламент Алатау туралы жаңа Конституциялық заң қабылдады

Сенат пен Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 27 наурызда палаталардың бірлескен отырысында Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды корреспондент Zakon.kz.

Депутат Нұртай Сабильянов атап өткендей, заң жобасының нормалары жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкес келтірілді.

"Алатау қаласында да, оған қатысты даму перспективасын ескере отырып, арнайы құқықтық режимнің жекелеген ережелері қолданылатын қала маңындағы аймақта да арнайы құқықтық режимді қолдану мүмкіндігі нақтыланды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын және "Алатау қаласының басым салалары", "бизнес-лицензия", "реттеушілік рұқсат" және "салықтық преференция" сияқты инвестициялық ынталандыру шараларын айқындайтын жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл ретте бизнес-лицензия резиденттерге Алатау қаласының аумағында қызметті жүзеге асыруға құқық береді және осындай қызметті жүзеге асырудың түрлері мен шарттарын айқындайды", – деп атап өтті мәжілісмен.

Инвестициялық жобалар бойынша салық режимінің тұрақтылығы үшін "қаржылық тұрақтылық" және "ашықтық" қағидаттары күшейтілді. Инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық міндеттемелердің сомалары, берілген жеңілдіктер мен преференциялар туралы мәліметтер ашық қолжетімділікте орналастырылуға жатады.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.zakon.kz/pravo/6512439-parlament-prinyal-novyy-konstitutsionnyy-zakon-ob-alatau.html

Қазақстанда Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды

Алдыңғы мақала

Келесі мақала