19.05.2026
Қазақстан
өңірде қалалық әуе мобильділігің толыққанды экожүйесін, яғни аэротаксиді,
жеткізуші дрондарды және цифрлық навигацияны ұсынған алғашқы ел болды.
Қазақстанда
технологиялық болашаққа маңызды қадам жасалды: ЖИ және цифрлық даму
министрлігінің қолдауымен Alatau City алаңында тік ұшып-қонатын инновациялық
электрлі ұшу аппаратының - көбіне аэротакси ретінде белгілі eVTOL-дың алғашқы
демонстрациялық ұшуы өтті.
Жоба
қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясының АҚШ, Қытай,
Оңтүстік Корея және Италияның жетекші технологиялық ойыншыларымен
серіктестіктегі тек жеке инвестициялары есебінен толықтай іске асырылуда.
Өңірдегі қалалық әуе мобильділігін дамытуға бағытталған салымдардың жалпы
көлемі 300 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.
«Бүгін
Қазақстан жаңа буын көлігін дамытуда маңызды қадам жасап отыр. eVTOL
демонстрациялық ұшулары қалалық әуе ұтқырлығының серпінді технологиялары
тұжырымдамадан біртіндеп тәжірибеге көшіп жатқанын көрсетеді.
Alatau
City үшін бұл ақылды қаланың жаңа инфрақұрылымын қалыптастыру деген сөз. Әңгіме
аэротакси мен вертипорттардан бастап цифрлық навигация мен жүк дрондарына
дейінгі тұтас экожүйені құру туралы болып отыр. Қазақстанда төмен биіктіктер
экономикасы дәл осылай дами бастайды.
Біз
мұндай шешімдердің елге келуіне, қалаларымызға бейімделуіне және азаматтардың
өмір сүру сапасына, бизнесті дамытуға және Қазақстанның технологиялық бәсекеге
қабілеттілігіне жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз», - деп атап өтті
Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жаслан Мәдиев.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1223588?lang=kk