Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда мемлекеттің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған нақты нормалар қамтылған

«Әкімшілік әділет және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Дегенмен босаңсуға болмайды. Біз табанды еңбек етіп, одан да биік мақсаттарға ұмтылуымыз қажет. Бұл үшін еліміздің әлеуеті толық жеткілікті.
Жаңа Конституцияға мемлекеттің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған нақты нормалар енгізілді.
Атап айтқанда, қаржы саласы мен жедел дамитын қалалар үшін арнайы құқықтық режим енгізу туралы шешім қабылданды.
Өздеріңізге белгілі, жуырда мен «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қол қойдым. Бұл маңызды құжатта «ақылды қала» экожүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері бекітілген.
Арнайы құқықтық режим мемлекеттік басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді, соның ішінде сот жүйесінің ерекше жұмыс істеу тәртібін енгізуді көздейді.
Озық реттеуші құралдар әлемдегі үздік тәжірибелерді енгізуге, алдыңғы қатарлы инновациялық шешімдерді сынақтан өткізуге және осы бірегей жобаны іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.
Біздің басты мақсатымыз – Алатау қаласын болашақтың цифрлық агломерациясына, жаңа технологияларды тартатын орталыққа айналдыру. Мемлекет бизнес қауымдастығы өкілдерімен ашық әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын», – деді Президент.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://ru.elordainfo.kz/index.php/prezident-ru/glava-gosudarstva-novaya-konstituciya-soderzhit-konkretnye-normy-dlya-ukrepleniya-investicionnogo-potenciala-gosudarstva

Алдыңғы мақала

Алатауда Burj Khalifa жобасын әзірлеген компанияның қатысуымен зәулім ғимарат салынады

Келесі мақала