09.06.2026
Бұл туралы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Alatau City Roadshow in China форумында сөз сөйлеген CSCEC International компаниясының төрағасы Гао Бо мәлімдеді.
Роуд-шоу барысында China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясының төрағасы Гао Бо көпфункционалды Iconic Towers кешенінің құрылысына қатысты негізгі мәліметтермен бөлісті. Жобаның сәулеттік тұжырымдамасын әлемге танымал Zaha Hadid Architects (Ұлыбритания) және америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) компаниялары әзірлеген.
«2026 жылғы мамыр айында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мақұлданып, құрылысқа дайындық жұмыстары белсенді кезеңге өтті. Құрылысты 2026 жылғы қазан айында бастау жоспарланып отыр. Бірінші кезеңнің жалпы ауданы 283 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамына биіктігі 272 метр болатын негізгі мұнара, биіктігі 80 метр болатын қосалқы мұнара және ілеспе инфрақұрылым нысандары кіреді. Жоба аяқталғаннан кейін ол жасыл технологияларды, “ақылды қала” тұжырымдамасын және орнықты сәулет қағидаттарын біріктіретін Орталық Азиядағы алғашқы кешенге айналады», – деді Гао Бо.
Iconic Building кешені Орталық Азиядағы «жасыл» және интеллектуалды технологияларға толық негізделген алғашқы жоба болмақ.
Жоба Caspian Group және «Kazakhstan Investment» ҰК» АҚ компанияларымен бірлесіп іске асырылуда.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.instagram.com/reels/DZZXNaDON03/