Алатауға дейін метро желісі салынады: Алматыда метрополитенді дамыту жоспарлары таныстырылды

Алматы қаласында 2040 жылға дейінгі Бас жоспарға енгізілетін түзетулердің стратегиялық экологиялық бағалауына арналған қоғамдық тыңдаулар өтті. Іс-шара барысында «ҒЗИ «Алматыгенплан» ЖШС басшысы Асхат Садуов Алматы метрополитенін дамыту жоспарлары жөнінде мәлімет берді.
«Сайран» станциясы Алатау қаласымен жалғасады
2040 жылға дейінгі Алматы қаласының Бас жоспары жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдаулар барысында Асхат Садуов құжаттың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің оң қорытындысын алғанын хабарлады.
Оның айтуынша, Бас жоспар мегаполисті полицентрлік және ықшам дамыту қағидаттарына негізделген. Бұл көлік ағынын тиімді ұйымдастыруға және жол жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Асхат Садуов қаладағы зиянды шығарындылардың шамамен 60 пайызы көлік секторына тиесілі екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселені шешудің негізгі жолы – жоғары жылдамдықтағы қоғамдық көлік жүйесін дамыту.
«Метро депосын орналастыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп, Алматы халықаралық әуежайынан қажетті келісім алынды. Метроның екінші желісі әуежайға дейін жеткізіледі. Сонымен қатар «Сайран» станциясынан Алатау қаласына, нақтырақ айтқанда Gate ауданына дейін жаңа желі салу жоспарланып отыр. Бұл жобалардың барлығы көлік жүктемесін азайтуға бағытталған», – деді Асхат Садуов.
Үшінші (жасыл) желі Алатау қаласына дейін жалғасады
Жоспарға сәйкес, жаңа метро желісі Алматы қаласының оңтүстік бөлігін солтүстік бағытпен байланыстырады.
Жобаланған бағыт бойынша желі «Қазақфильм» ауданынан басталып, «Сайран» станциясы арқылы өтіп, солтүстік бағытта салынып жатқан Алатау қаласына дейін жалғасады.
Жобаның жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Жаңа желі бойында 17 метро станциясын салу жоспарланған.
Ұсынылған жоспарға сәйкес, аталған 17 станцияның екеуі тікелей Алатау қаласының аумағында орналасады.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/vetka-do-alatau-v-almatyi-ozvuchili-detali-razvitiya-metro-602866/

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Келесі мақала