Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі.
Кездесу соңында Caspian Group және KIND арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Alatau City Authority мен KIND арасындағы Alatau Smart City жобасының бас жоспарын әзірлеу туралы келісім, Qazaqstan Investment Corporation мен KIND арасындағы стратегиялық келісім секілді құжаттар алмасу рәсімі өтті.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kind-korporaciyasynyn-prezidenti-zhane-bas-direktory-kim-bok-hvandy-kabyldady-1585333