Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Lotte Group компаниясының төрағасы Дон Бин Шинді қабылдады. Кездесу барысында Алматыда әйгілі кореялық брендтің алғашқы қонақ үйін салу туралы келісімге қол қойылғаны белгілі болды.
Мемлекет басшысы Lotte компаниясының Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанын және тамақ өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Соның жарқын мысалдарының бірі – «Рахат» брендін дамыту және Алматы мен Шымкенттегі өндіріс орындарын жаңғырту.
Компания сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын кеңейтіп, Alatau City дамуына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Lotte жаңа қаланың сәулеттік символына айналатын Iconic Complex жобасын іске асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруда.
Дон Бин Шин Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне, логистикасына және қонақ үй бизнесіне одан әрі инвестиция салу жоспарларын растады.
Дереккөзге сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DdS9pNjBrG-/?stkn=dmwwZ2k1YnYxNHNv