Іс-шара алаңында Alatau Smart City мастер-жоспарын әзірлеу тәсілдері, сондай-ақ K-Park этномәдени кешенін құру, Кореяның озық технологиялар институты KAIST филиалын ашу және ұшқыш басқарылатын әрі ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесін енгізу жобалары таныстырылды. Alatau City-ді дамытуға кореялық тараптың қатысу мүмкіндіктері Рустам Карагойшин қатысқан KIND мемлекеттік корпорациясының басшылығымен өткен жеке кездесуде де қаралды.
Бірінші құжат - Qazaqstan Investment Corporation мен KIND арасындағы Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық қорын құру туралы стратегиялық келісім. Құжатқа Қазақстан тарапынан Рустам Карагойшин, Корея тарапынан KIND президенті және бас директоры Ким Бок Хван қол қойды. Қордың көлемі бірінші кезеңде тараптардың тең қатысуымен 200 млн АҚШ долларын құрауы, ал кейінгі кезеңде 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюы мүмкін. Қаражат инфрақұрылым, логистика, энергетика және қалалық даму салаларындағы жобаларға, соның ішінде Alatau City-ді дамытуға бағытталады.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://baiterek.gov.kz/kk/pr/news/2-45-mlrd-somasynda-y-kelisimder-b-yterek-kholdingi-koreyamen-investitsiyaly-yntyma-tasty-ty-ke-eytu