«Бәйтерек» холдингі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сеулде өткен Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Холдинг делегациясын Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин бастап барды. Кездесуде корей инвестицияларын тарту, қаржыландыру құралдарын кеңейту және Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Алғашқы құжат – «Qazaqstan Investment Corporation» мен KIND арасындағы Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық қорын құру туралы стратегиялық келісім. Қазақстан тарапынан құжатқа Рустам Қарағойшин, ал Корея тарапынан KIND президенті әрі бас директоры Ким Бок Хван қол қойды.
Алғашқы кезеңде қордың көлемі тараптардың тең қатысуымен 200 млн долларды құрауы мүмкін, ал кейіннен оның көлемін 1 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қаражат инфрақұрылым, логистика, энергетика және қалаларды дамыту салаларындағы жобаларға, оның ішінде Alatau City жобасына бағытталмақ.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.zakon.kz/amp/ekonomika-biznes/6531522-soglasheniya-na-245-mlrd-dollarov-kholding-bayterek-rasshiryaet-investitsionnoe-sotrudnichestvo-s-koreey.html