Alatau City-дің басты артықшылықтарының бірі – 2026 жылғы 8 мамырдағы Конституциялық заңда көзделген арнаулы құқықтық режим. Ол Англия мен Уэльс құқығының қағидаттарын қолдану мүмкіндігін, инвестицияларды қорғаудың заманауи тетіктерін және болжамды іскерлік орта қалыптастыруды көздейді.
Саймон Кокс, Norton Rose Fulbright заң компаниясының аға кеңесшісі:
– Басты мақсат – инвесторлар өздерін сенімді сезінетін құқықтық орта қалыптастыру. Ол үшін ағылшын жалпы құқығына негізделген дербес құқықтық жүйе әзірленуде. Бұл жүйе инвестициялардың қорғалуын қамтамасыз етіп, бизнесті жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Лондонда өткен роуд-шоу аясындағы сарапшылық сессия барысында Norton Rose Fulbright, Reed Smith және Boies Schiller Flexner халықаралық заңгерлік компанияларының қатысуымен өткен сараптамалық сессияда инвестиция тартудың құқықтық тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, халықаралық төрелік, цифрлық активтерді реттеу және коммерциялық дауларды шешу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ағылшын құқығының қағидаттарын қолдануға негізделген Alatau City-дің мамандандырылған инвестициялық сотын құру перспективалары қарастырылды.