Экс-сенатор Юрий Цхай Алатауда іскерлік аудан мен Iconic Building нысанын салады

Бұрынғы сенатор, Caspian Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай Алматы облысының әкімдігіне Алатау қаласында Gate District атты жаңа іскерлік аудан салу жобасын таныстырды. Жоба аясында іскерлік орталықтың символдық нысаны – Iconic Building ғимаратының құрылысы көзделген.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталған жоба бойынша үшжақты келісімге 2025 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан–Қытай Іскерлік кеңесі алаңында қол жеткізілген.

«Алатау» арнайы экономикалық аймағының ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Gate District аумағы  Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің арасында орналасады. Бұл жерде қаржы орталығын салу жоспарланған.

Жаңа іскерлік аудан бизнесті жүргізуге арналған ерекше жағдайларымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, мұнда: корпоративтік табыс салығы (КТС), жеке табыс салығы (ЖТС), жер салығы, мүлік салығы
бойынша нөлдік мөлшерлемелер қолданылатын болады.

Іскерлік орталық толық инфрақұрылымы бар А санатындағы бизнес-орталықтар кешені ретінде салынады. Сонымен қатар, аудан аумағында қонақ үйлер мен сауда-ойын-сауық орталықтары (СОО) бой көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалады.

2025 жылдың қыркүйек айының соңында Үкіметте өткен жиында Gate District жобасының өзегіне International Business Development Center – Iconic Building-1 айналатыны хабарланған болатын. Қанат Бозымбаев тиісті мемлекеттік органдар мен инвесторға Alatau City жобасының басталуын білдіретін символдық нысан болатын бұл ғимараттың құрылысын жеделдетуді тапсырды.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://kz.kursiv.media/2025-11-21/zhzh-gate-district-iconic-building/?utm_campaign=endless_feed

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Алдыңғы мақала

Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді

Келесі мақала