21.11.2025
Алатау
қаласы жалпы құқықтың жаңа жүйесі мен ынталандырудың арнайы режимдерін
енгізудің нәтижесінде халықаралық корпорациялар үшін бірегей жағдай жасамақ.
Бұл туралы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы,
Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Хэн Файн Вонг мәлімдеді.
Оның
айтуынша, жаңа қала шетелдік бизнеске таланттар мен капиталды еркін тартуға
мүмкіндік беретін түбегейлі өзгеше жұмыс моделін ұсынады. Бұл үдерісте «Астана»
халықаралық қаржы орталығымен тығыз интеграцияланатын Gate District қаржы
кластері ерекше рөл атқармақ.
«Бұл
қазақстандық ЖІӨ-нің өсуіне елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Көптеген өзге де
жағдайлардағы сияқты бірнеше мәрте мультипликативті әсер беруі мүмкін. Мұның
бәрі қаржы индустриясының қай секторын таңдап алатынымызға байланысты. Біз
PropTech-ті, сондай-ақ криптовалюталар мен жаңа цифрлық активтерді бағдар етіп
аламыз. Бұл қазіргі уақытта Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ индустрияның жаңа
түрі», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.
Толығырақ сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1110175?lang=kk