Қазақстанда ел экономикасына $50 млрд әкелетін жаңа қала салынуда

Алматы облысында салынып жатқан Алатау жаңа қаласын дамыту жобасы толық іске асқан жағдайда 30 жыл ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) $40–50 млрд көлемінде қосымша үлес қоса алады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Салыстыру үшін: Қазақстанның ЖІӨ-сі Ұлттық Банктің орташа жылдық доллар бағамы бойынша 2024 жылы $291,2 млрд болды.

«Алдын ала болжамдарға сәйкес, Алатау қаласын дамыту жобасының барлық кезеңдері толық жүзеге асырылған жағдайда, тікелей және жанама әсерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының ЖІӨ-сіне қосылатын жиынтық үлес 30 жыл ішінде шамамен $40–50 млрд болуы мүмкін. Бұл ұлттық экономиканың өсуіне және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына оң ықпал етеді», – делінген Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жобасына қатысты құжаттамада.

Сонымен қатар министрлік жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде инфрақұрылымды дамытуға, басқару органдарын құруға, сондай-ақ жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуға байланысты бюджет шығыстарының артуы мүмкін екенін атап өтеді. Алайда Алатау қаласын дамыту жобасының барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін бұл шығындар инвестициялар көлемінің артуы есебінен толық өтеледі, деп сендіреді ведомство.

Аталған Конституциялық заң жобасын әзірлеу 2026 жылға жоспарланған. Заңның Парламентте қабылдануы перспективалы салаларға инвестиция тарту мен инновацияларды енгізу арқылы жаңа қаланың жедел дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.

Алатау қаласының дамуы арнайы экономикалық аймақ құру, сондай-ақ инвесторлар үшін өзге де жеңілдіктер мен артықшылықтар енгізу арқылы ынталандырылатын болады.

Толығырақ сілтеме бойынша: https://kz.kursiv.media/2025-12-02/zhnb-pravitelstvo-sprognozirovalo-vklad-novogo-goroda-v-kazahstane-v-vvp-v-50-mlrd/

Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді

Алдыңғы мақала

Түркиялық құрылыс компаниясына Қонаев қаласында жаңа аудан салу ұсынылды

Келесі мақала