02.12.2025
Алматы
облысы Түркияның
NATA Holding халықаралық компаниясымен меморандумға қол қойды. Құрылыс
компаниясына Қонаев
қаласын дамытуға және Шеңгелді алқабының ауыл шаруашылығы жерлеріне инвестиция
салу
ұсынылды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Қол
қойылған меморандум ірі
инфрақұрылымдық әріптестіктің бастамасы болмақ. Компания өңірде ұзақ мерзімді
жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие. Кездесуге облыс әкімі, облыстық
басқарма басшылары, Қонаев және Алатау қалаларының әкімдері қатысты. Түркия
делегациясын NATA
Holding компаниясының бас директоры бастап келді.
Алматы
облысының әкімі Марат
Сұлтанғазиев
NATA Holding компаниясын сенімді және маңызды серіктес ретінде бағалады:
«Ауқымды
жобалар портфелі, жоғары инженерлік әлеуеті және халықаралық беделі бар NATA
Holding компаниясы біз үшін аса қызықты әрі маңызды серіктес болып табылады.
Жолдар мен көпірлер салу, инфрақұрылым нысандарын дамыту, ірі девелоперлік
жобаларды іске асыру бағыттарындағы тәжірибелеріңіз бірлескен жұмысты кеңінен
дамытуға мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.
Холдингтің
директорлар кеңесінің төрағасы Намык Танык қол қойылған меморандум
алдағы уақытта өзара
тиімді ынтымақтастықтың берік негізіне айналатынын атап өтті.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://kz.kursiv.media/2025-12-02/svan-tureckij-holding-sobirayushijsya-stroit-alatau-stal-partnerom-almatinskoj-oblasti/