«Отбасы банк» жеке тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру тұжырымдамасын бекітті

«Отбасы банк» жеке тұрғын үй құрылысын (ЖТҚ) кредиттеу бағдарламасын бекітті. Бұл бастама төменқабатты тұрғын үй секторын дамытуда маңызды прецедент қалыптастырады. Аталған бағдарламаның іске қосылуы жеке тұрғын үйлерге ипотекалық қаржы құралдарына қолжетімділікті кеңейтіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізуде ЖТҚ-ның рөлін күшейтеді.

Төменқабатты құрылыс салушылар одағының төрағасы Ким Олег Анатольевичтің айтуынша, 2025 жыл Қазақстандағы жеке тұрғын үй құрылығы нарығы үшін бетбұрыс кезең болады:

«2025 жылды Қазақстандағы жеке құрылыс нарығы үшін шешуші жыл деп санаймын. Биыл екі маңызды құжат қабылданды: бірінші үлестік құрылыс туралы заңға енгізілген толықтырулар – бұл өзгерістер 50 және одан да көп үйден тұратын кешенді тұрғын үй құрылысына заң талаптарын қолдануға мүмкіндік береді; екінші “Отбасы банк” әзірлеген жеке тұрғын үйлерді қаржыландыру тұжырымдамасы.
Қабылданған және енгізілген бұл құралдар салынып жатқан тұрғын үйдің сапасын едәуір жақсартады. Себебі осы уақытқа дейін жеке тұрғын үйлердің құрылысы нақты реттелмеген болатын, әрбір үй эскиздік жоба негізінде салынды. Жаңа құжаттарда құрылыс салушыға және құрылыс жүргізу тәртібіне қойылатын нақты талаптар белгіленген, бұл тұрғын үй сапасын түбегейлі жақсартады», – деп атап өтті ол.

Дереккөзге сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DRwkr-hjAI5/?igsh=aDlhYXl1dmNzaTZz

Түркиялық құрылыс компаниясына Қонаев қаласында жаңа аудан салу ұсынылды

Алдыңғы мақала

Алатау қаласының мәртебесін конституциялық заңмен бекіту жоспарлануда

Келесі мақала