Алатау жаңа технологияларды сынақтан өткізетін алғашқы пилоттық қалаға айналады – Жаслан Мәдиев

Қазақстан әлемдік деңгейдегі цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Жаслан Мәдиев өз сөзінде Алатау қаласы жаңа технологияларды нарыққа шығарғанға дейін сынақтан өткізу және ауқымын кеңейтуге арналған пилоттық алаңға айналатынын атап өтті.
«Тағы бір стратегиялық маңызы бар жоба – Алатау қаласы. Біз жаңа буынның инновациялық қаласын қалыптастырып жатырмыз. Ол жаңа технологияларды сынақтан өткізуге арналған арнайы эксперименттік алаң болады. Алатау токенизацияны енгізу, цифрлық экономиканы дамыту, цифрлық активтер мен финтех саласын қолдайтын заманауи құқықтық реттеуді қалыптастыру бағытында көшбасшы қалаға айналады.
Сонымен қатар Алатау автономды басқарылатын көліктерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға арналған алғашқы ірі сынақ алаңдарының бірі болады. Бұл технологиялық компанияларға өз шешімдерін коммерциялық нарыққа шығарғанға дейін сынақтан өткізуге және кеңінен енгізуге бірегей мүмкіндік береді. Біз ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз және халықаралық серіктестерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз», – деді Жаслан Мәдиев.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.inform.kz/ru/gorod-alatau-stanet-ploshadkoy-dlyatestirovaniya-novih-tehnologiy-zhaslan-madiev-e687abaa

Алдыңғы мақала

Alatau City жобасына қосымша шамамен 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда

Келесі мақала