Қазақстан Президентінің Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша тараптар көптеген келісімге қол қойды. Оның ішінде тек Алатау қаласын дамытуға қатысты жобалар бойынша жалпы сомасы 4 млрд АҚШ долларынан асатын 16-ға жуық құжат жасалды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев негізгі жобалар туралы айтып берді. Олардың қатарында кореялық урбан-девелоперлердің қатысуымен Алатау қаласындағы жаңа ауданды дамыту, инвестициялық қор құру және бірлескен кәсіпорындарды іске қосу бар.
Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты — білім беру. Alatau City-де кореялық KAIST университетінің ірі кампусын салу жоспарлануда. Мұнда техникалық мамандықтар бойынша білім беру, мамандандырылған зертханалар ашу, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен ғалымдарға арналған алмасу бағдарламаларын іске асыру көзделген.
Инвестициялар логистика, сирек жер металдарын өңдеу және басқа да жобаларға бағытталмақ.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, сапар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі тиіс. Ендігі міндет — қол қойылған келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыру.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.instagram.com/reel/DdZhY8exJYQ/?stkn=MXNjdDZjMGd2c21h