Қаржыландырылатын жобаларды қордың өзі іріктейді
Kaspi.kz компаниясының тең құрылтайшысы әрі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды AÑSA HUB құратынын мәлімдеді. Оның жобаларын тұрақты қаржыландыру үшін көлемі $100 млн болатын эндаумент-қор құрылады. Бұл туралы AÑSA Foundation баспасөз хабарламасында айтылған.
AÑSA HUB төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар – Alatau City-де және Қазақстанның басқа өңірлерінде білім беру және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, ғылымды дамыту және коммерцияландыру, венчурлік инвестициялар, сондай-ақ ғылым, өнер, мәдениет және спорт салаларындағы жобаларды гранттық қаржыландыру.
Баспасөз хабарламасында айтылғандай, хаб бірлескен жұмысқа Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдеріндегі ғалымдар мен университеттерді, сондай-ақ шетелдік зерттеушілер мен инвесторларды тартуды жоспарлап отыр.
«Қазақстанның таланттарын дамыту үшін барлық жағдай жасайтын, ақылды ел ретінде әлемге танылғанын қалаймын», – деді Ким.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://forbes.kz/articles/vyacheslav-kim-sozdaet-v-alatau-city-hab-s-endaument-fondom-na-100-mln-40c6ca

Барлық жаңалықтар